Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.