Қызымменен көрікті гүлзәр бағым,
Теңін тапса, сол болар ізгі арманым
Балдай тәтті қуантып қылығымен,
Бой жетті аялаған қызғалдағым.
Толысқандай бақытқа арнам менің,
Қызым менің, бітпесін арман көгің.
Тілегіміз - жарасып жұбыменен,
Бақытты қылса болды барған жерін.